Central AsianResearch Index

Әдеби тіл мен әлеуметтік желі: тіл бәсекелестігі мен әдеби тілдің қазіргі сипаты

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі.Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу және жазу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту және қатесіз жазу нормасы. Технологияның өркендеген зaмaнындa әлеуметтік желілердің тіл мәдениетін дaмытудағы әсері қaзaқ тілбілімінде жaн-жaқты зерттелуі тиіс. Бүгінгі күні әлеуметтік желілер ғаламтор тұтынушыларының ажырамас сенімді серігіне айналып үлгерді. Сан түрлі тақырыпты қозғау үшінде, әртүрлі заттарға жарнама жасау үшін де, тіпті толғандырған мәселе жөнінде көпшіліктің ойын білу мақсатында көпшілік осы желілердің көмегіне жүгінетіні белгілі. Еліміздегіең белсенді әрі кең тараған «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Twitter», «WhatsApp»және т.б. әлеуметтік желі пайдаланушыларының көбейгені соның бір дәлелі.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 122, № 1, С. 50-57
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University