Central AsianResearch Index

Тілді аудармасыз оқыту және тілдің фонетикалық интерпретациясы

Берілген мақалада бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырған тілдіаудармасыз оқыту және тілдің фонетикалық интерпритациясы жайында сөз қозғалады. Сонымен қатарбірнеше ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, «интерпритация» терминінің түсінігіне тоқталып,оның тілдік қолданысындағы туындайтын қателіктері жайына да тоқталдық. Тіл динамикасын бейнелейтін заңды үрдістердің бірі –«вариативтілік». Вариативтілік ұғымы – бір нәрсенің бір немесе бірнеше нұсқаларының болуы. Бұл сөздің этимологиясы латын тілінен аударғанда «variativus» - «өзгермелі»,«variatus» - «әртүрлі», одан әрі «variare» - «өзгерту» - «әртүрлілік» деген мағыналарды білдіреді. Қорытаайтқанда вариативтілік өзгермелі дегенді білдіреді. Интерпритация көбіне тілдер мен халықтар байланысқа түскен кезде пайда болады. Екі немесе бірнеше тілдерді меңгергенде қабылдау функцияларыпайда болады. Бір тіл екінші бір тілді ығыстырып өзінің тілдік нормаларына бағындыруға тырысады.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 122, № 1, С. 143-146
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University