І. Есенберлин шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Мақалада жазушы І.Есенберлиннің тарихи тақырыпты шынайы түрде ашып суреттеуіжәне осы жолда өмірде болған тұлғалардың портреттерін жасақтаудағы шеберлігі мен ізденістері, жазушының шеберлігі мен көркемдік аспектісі қарастырылады.Қаламгер әрбір тарихи тұлғаның бейнесін сомдауда оқырманға анық жеткізу үшін том-том тарихтытүгелдей ақтарып, тарихи құжаттар мен жылнамаларға, халық шежіресіне және өзімен бір заманда өмір сүрген тарихшылардың пікіріріне сүйенген. Бұл жазушы шығармашылығында кездесетін тұлғалар бейнесініңбарынша шынайылықпен суреттелгенін көрсетеді. Тарих пен көркем шығарманың арақатынасын ашу –ежелден назар аударылып келе жатқан ғылыми мәселе. Ол жөнінде алғаш тереңірек сөз қозғаған Аристотель «Поэтикасында»: ....Ақынның мақсаты – шынымен болғанды емес, не болуы мүмкін, мүмкіндіктен әлдекездейсоқтан ба, міне, осыны жеткізу. Тарихшы мен ақынды бір-бірінен өлең өлшемін колданады, екіншісіқолданбайды деп ажыратпаймыз; осыған Геродоттың шығармаларын жатқызуға болар еді, сонда ғана оларөлшеулі, болмаса өлшеусіз тарих болған еді; айырмашылығы мынада: біріншісі өмірде болған оқиғаны айтса, екіншісі болуы мүмкін болған оқиғаны айтады. Демек, Ілияс Есенберлин шығармаларындағы тарихи тұлғалар өмірдегі тарихи тұлғалардың көшірмесі емес, қазақ тарихына тікелей қатысты оқиғалардың кейіпкерлері.Мейлінше қаныққан образдар мен жинақталған бейнелік болмыс.
Сведения
- Опубликовано
- 2018 · Т. 122, № 1, С. 125-131
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University