Мұнай шламы мен қоспалардың бірлескен пиролизі: аналитикалық шолу
Мұнай шламы – мұнай өнеркәсібінің жанама өнімі бола отырып, құрамында ластаушы заттар көп болғандықтан, қоршаған орта мен адам денсаулығына елеулі қауіп төндіретін маңызды экологиялық мәселе болып отыр. Екінші жағынан, мұнай шламының басым бөлігін қайта өңдеуге жоғары құндылығы бар шикі мұнай құрайды. Сондықтан мұнай шламын өңдеу және кәдеге жарату әдісін дұрыс таңдау аса маңызды. Қолданыстағы көптеген әдістердің ішінде пиролиз өнімдердің тиімді бөлінуімен ластаушы заттардың аз бөлінуі себепті ең ұтымды тәсіл ретінде ерекшеленеді. Бұл шолу мақалада мұнай шламын әртүрлі шикізаттармен/ қалдықтармен (ауыл шаруашылығы биомассасы, ағаш және резеңке қалдықтары, пластмасса және т.б.) араластырып пиролиздеудің соңғы жетістіктері қарастырылады. Нәтижесінде мұнаймен газ сияқты құнды өнімдермен қатар, адсорбенттер, жартылай кокс, катализаторлар, топырақты қалпына келтіру агенттері және басқада материалдар алу үшін пайдалануға болатын қатты қалдық түзіледі.Мұнай шламын қоспалармен бірге пиролиздеудің негізгі артықшылықтары мен бұл қоспалар аралстырылған пиролиз процесінің тиімділігінің әсері сипатталған. Сондай-ақ әртүрлі қоспалардың (микробалдырлар, күріш қауыздары, ағаш үгінділері, ұшпа күл және т.б.) әртүрлі химиялық-технологиялық жағдайларына (процесс температурасы мен уақыты, реактор түрі, мұнай шламы мен қосымша массалық арақатынасы және т.б.) байланысты өнім шығымына әсеріне талдау жасалған.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 151, № 2, С. 11-34
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University