Central AsianResearch Index

Шығыс Қазақстандағы сыртқы миграцияның географиясындағы қазіргі үрдістер

Бұл мақалада Шығыс Қазақстандағы көші-қон жағдайы географиялық аспектілерге сүйене отырып талданған. Зерттеу аймаққа халықтың келуі мен кетуі туралы 2004 жылдан 2022 жылға дейінгі көші-қон ағындары деректеріне негізделген. Мақалада көші-қон сальдосы жылдар бойынша қарастырылып, көші-қон ағындарының негізгі бағыттары және олардың үрдістері белгіленеді, сондай-ақ аймақтағы көші-қон үдерістеріне әсер ететін факторлар талданады. Ұсынылған қорытындылар Шығыс Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің динамикасы мен ерекшеліктерін әлеуметтік-географиялық және демографиялық аспектілерді ескере отырып, тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, бұл аймақтағы көші-қон үдерістерін басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін маңызды болып табылады. Ұсынылған нәтижелер сонымен қатар сыртқы және ішкі көші-қон ағындардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалауға мүмкіндік береді, бұл халықтың аумақтық ұйымдастырылу үдерістерін тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 149, № 4, С. 123-133
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University