Central AsianResearch Index

Орталық Қазақстандағы жер асты және беткей сулардың экологиялық жағдайын бағалау

Мақалада антропогендік факторлардың әсерінен өзен суларының химиялыққұрамының өзгеруі анықталды. Су айдындарының антропогендік ластануы және Қарағанды облысының өзендерінің су сапасының нашарлауы жер үсті суларын жинауменжәне ластанған ағынды сулардың жер үсті суларына ағуымен байланысты екендігі көрсетілген. Су ресурстарын ластаушы көздерінің әсерін ескере отырып, өзен бассейндеріүшін облыстың өзендерінің сапасын бағалау қарастырылған. Қарағанды облысының«Қазгидромет» филиалы өзен суларының марганецпен ластануы туралы экологтарға хабарлаған. Атап айтқанда, жер үсті суларының нашарлауы Нұра, Соқыр, Шерубай-Нұра,Каракеңгір өзендерінде байқалды. Бұдан басқа, Қазгидромет станцияларында жиналғандеректер талданды. Су объектілерінде марганецтің тұрақты екені және облыстыңбасқа да су объектілерінде бар екені анықталды. Мысалы, Көкпекті өзені бойында өнеркәсіптік кәсіпорындар жоқ болғанымен, Көкпекті өзенінде марганецтің шекті концентрациядан асып кеткені анықталды. Гидробиологиялық зерттеулер бойынша жалпымикроағзалардың санын анықтау үшін Киевка ауылынан төрт жерден су үлгісі алынды.Олар ауылдың батыс жағындағы тас жолдың бас көшесінің құдығынан, «Алтын дән»балабақшасының ауыз суынан, жалпы орта білім беру мектебінің ауыз суынан жәнемектеп скважинасынан алынған.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 132, № 3, С. 96-101
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University