Central AsianResearch Index

Функционал топтары арақатынасы, заряд белгісімен ерекшеленуші полиэлектролиттердің сазды гидродисперсия тұрақтылығына әсері

Сазды гидродисперсия тұрақтылығының полиэлектролит макромолекуласы тізбегінің бойында орналасқан функционалды буындардың арақатынасымен заряд белгісінің әсерінде өзгеруі зерттелді.Өткізілген тәжірибе нәтижелері макромолекула құрамындағы буындардыңфункционал топтарының мольдік арақатынасына, ионданушы қабілетіне, зарядбелгісіне қарап полиэлектролит үлгілерінің меншікті тұтқырлығы мен электрөткізгіштігінің сандық мәндерінің өсуімен бірқатарда флокуляциялаушы мөлшеріменфлокуляциялаушы тиімділігінің ерекшеленетіндігі анықталды.Полиэлектролит макромолекуласы тізбегі бойындағы орналасқан буындарқұрамындағы ионданушы функционал топтарының тығыздығы көбеюімен жәнедисперс фазаның теріс зарядты майда бөлшектерімен әрекеттесіп байланыс түзуге ыңғайлы орналасқан белсенді бір аттас оң зарядты функционалды топтардантүзілгенде, флокуляциялаушы қабілеті күшеюімен, флокуляциялаушы тиімділіктің артуынан сазды гидродисперсияның мөлдірлену дәрежесі өсіп дисперс фазалардың ажырап шығу үдерісі жеделдейді.Сонымен бірқатарда полиэлектролит макромолекуласы тізбегінің бойындаорналасқан ионданушы функционал топтардың заряд белгісі әр аттас болғандакерісінше, флокуляциялаушы қасиетінің әлсіреуі салдарынан флокуляциялаушымөлшер көбейетіндіктен бірдей дәрежелі мөлдірленуге, тұнба көлеміне, фильтрлену жылдамдығына қажетті оңтайлы концентрацияның артатындығы айқындалды.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 132, № 3, С. 8-17
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University