Central AsianResearch Index

Кобальт(II) иондарын су ерiтiндiлерiнен органикалық реагенттер балқымасымен экстракциялық алу және аналитикалық анықтау әдiсiн жасау

Кобальт-сирек кездесетiн металл және оларға бай кен орындары қазiргi уа˚ыттаазайғаны мәлiм. Металдық кобальтты өнеркәсiптiк алудың негiзгi көзi-мыс-никель кендерi,мұнда кобальт қоспа ретiнде жүредi . Бұл кендi қайта өңдеу өте күрделi және кен құрамынабайланысты пиро - және гидрометаллургиялық әдiстердi қолданады. Нәтижесiнде құрамындамыс (II), қорғасын (II), висмут(III) иондары бар кобальт және никель хлоридтерiнiң ерiтiндiсiалынады. Кобальтты серiктес қоспалардан тазарту үшiн экстракция әдiсiн кеңiнен қолданады.Экстракциялық әдiстер гидрометаллургияда, сирек металдар технологиясында және аса тазазаттарды алуда, сондай-ақ аналитикалық химияда кеңiнен қолданылады. Осыған қарамастан,олардың бiрқатар кемшiлiктерi бар, олардың бiрi - өрт қаупi бар және улы органикалықерiткiштердi қолдану, сондықтан улы компоненттердi үдерiстерден алып тастауға бағытталғанжұмыс шарттары қолданылады Бұл мәселе сұйық улы органикалық экстрагенттердi жеңiлбалқитын реагенттерге ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.Кобальт(II)-нiң экстракциясы сулы ерiтiндiлерден стеарин қышқылының балқымасыменжүзеге асырылды. Экстракция процесiнiң физика-химиялық негiздерi зерттелiп, нәтижелердiпрактикалда қолдану мүмкiндiктерi қарастырылды. Кобальт(II)-нiң жеңiл балқитынорганикалық экстрагенттермен қатты экстрактiлерi алынды, олар стандартты үлгiлергеқойылатын: таралудың бiртектiлiгi, құрамы талданатын үлгiлерге жақындығы және бiрнешежыл бойы құрамының тұрақты сақталуы жағынан барлық талаптарды қанағаттандырады.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 130, № 1, С. 49-53
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University