Бензолды гидрлеудiң родий катализаторына жаңа көмiр тасымалдағыштарын жасау
Бұл мақалада, күрiш қауызынан (РШАУ) және өрiк сүйегiнен белсендiрiлгенкөмiрге (АКАУ) отырғызылған родий катализаторы қатысында, этанолда, 40 – 80оСтемпература және сутектiң қысымы 20 – 100 атм аралығында, бензол мен толуолды гидрлеудiңнәтижелерi ұсынылды. Бастапқы материалдарына байланысты, АКАУ берiктiлiгi жоғары, алРШАУ жеңiл әрi ұшқыш, оны реакциялық массадан бөлiп алу қиындық туғызатындықтан,өрiк сүйегiнен белсендiрiлген көмiр АКАУ тиiмдi тасымалдағыш бола алатындығы көрсетiлдi.Rh / АКАУ катализаторының белсендiлiгi Сiбiрдiң көмiр тасымалдағышы сибунитке жәнеқайың ағашынан белсендiрiлген көмiр БАУ-ға отырғызылған родий катализаторларыменшамалас, Rh / РШАУ белсендiлiгi Rh / АКАУ қарағанда бес есе төмен екендiгi анықталды.Катализаторлар Брунауэр-Эммет-Теллер (БЭТ) және сканерлi электрондық микроскопия(СЭМ) әдiстерiмен зерттелiп, олардың құрамы, процестiң кинетикалық параметрлерi, сутекпенбензол бойынша реакцияның дәрежелiгi және активтену энергиялары анықталды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 130, № 1, С. 35-41
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University