Central AsianResearch Index

Verbascum orientale L. өсiмдiгiнiң химиялық құрамын гибридтi хроматография әдiсiмен талдау

Қазiргi таңда дүние жүзiнде дәрiлiк өсiмдiк өнiмдерiне назар аударылуда.Қазақстан Республикасы табиғи препараттарды өндiруге қажет шикiзат қорына бай мемлекет.Eлiмiздiң шығыс өңiрiндегi әртүрлi зоналық аймақтар өсiмдiк флорасының алуантүрлiлiгiнайқындай түседi. Өсiмдiктердiң морфологиялық формасы мен анатомиялық құрылымыолардың өсу жағдайы мен ортасына байланысты. Бұл факторлар өсiмдiк құрамындағыминералды заттар мен биологиялық белсендi заттардың (ББЗ) мөлшерi әртүрлi болуына әсеретедi [1].Заманауи талдау әдiстерiмен өсiмдiк шикiзаттарының компоненттiк құрамын толық зерттеужаңа табиғи дәрiлiк препараттарды ашуға үлкен мүмкiндiк бередi.Жұмыста алғаш рет Қазақстанның Шығыс өңiрiнен жемiс беру кезеңiнде жиналған Scrophulariaceae (Сабынкөкгүлдiлер) тұқымдасына жататын Verbascum orientale L. (шығыс аюқұлақ)өсiмдiк түрiнiң гександы сығындысын GC–MS (газды хроматография - масс - спектрометрия)әдiсiмен зерттеу нәтижелерi берiлген.Verbascum orientale L. өсiмдiгiнiң шикiзатынан 6 жеке зат идентификацияланды, олар:миристин, пальмитин, стеарин, пальмитолеин, олеин, линол қышқылдары. Көрсетiлгеннәтижелер бойынша: Verbascum orientale L. өсiмдiгiнiң сандық құрамында жоғары көрсеткiшкөрсеткен: қаныққан май қышқылы: пальмитин (16,32%) және қанықпаған май қышқылдары:линол (43,61%), олеин (12,87%).

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 129, № 4, С. 52-58
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University