Central AsianResearch Index

Қар жабындысының ауыр металдармен ластануын бағалау

Бұл жұмыста қар суының ауыр металдармен ластануы туралы мәлiметтеркелтiрiлген. Зерттеуге қажеттi материалдар жиналды. Су сынамаларын жинау үшiн арнайыбелгiленген аймақтарда конверт әдiсi пайдаланылды. Ерiген қар суының ластануын зерттеукезiнде ауыр металдардың бары не жоғы анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағықар жабындысындағы Cu, Сo, Ni, Mn, Cd, Zn, Pb концентрациясы атомды-абсорбциондыәдiстерi арқылы анықталды. Жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi қар жабындысының қабатындаауыр металдардың бар екенiн көрсеттi. Ластаушылардың негiзгi құрамын келесi металдарқұрады: Cu, Сo, Ni, Mn, Cd, Zn, Pb және концентрациясы мг/л-мен өлшендi. Салыстырмалыталдау негiзiнде, ауыр металдардың құрамы барлық сынамалар бойынша шектi рұқсат етiлгенконцентрациядан төмен екенi белгiлi болды. Қар суындағы ауыр металдардың бар болуыатмосфералық ауаның ластануымен, әсiресе автокөлiктерден болатын техногендi ластанументүсiндiрiледi. Бұл фактiлер аймақ бойынша ауа мен қар жабындысын ауыр металдарға кезеңбойынша тексеру қажет екенiн көрсетедi.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 127, № 2, С. 44-48
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University