Мыс (I) иодидiн алудың жаңа әдiсiн жасау
Мыс (II) иондарын титан (III) сульфатымен тотықсыздандыру кезiндетүзiлген активтi атомарлы мыстың иодпен әрекеттесуi негiзiнде мыс (I) иодидiн алудыңжаңа әдiсi ұсынылған. Алдын-ала металл күйiндегi титанды электрохимиялық жолменайнымалы ток әсерiмен ерiтiп, үш валенттi титанның сульфаты алынған. Осы қосылыстытотықсыздандырғыш ретiнде пайдаланғанда, мыс сульфаты ерiтiндiсiнен активтi элементтiмыс атомарлы күйде түзiлетiнi көрсетiлген. Процестiң жүру барысында ерiтiндiнiң түссiзденуiбайқалған, себебi мыс (II) иондары түссiз атомарлы күйге дейiн тотықсызданған, ал күлгiнтүстегi титан (III) иондары түссiз төрт валенттi күйдегi түрiне дейiн тотыққан. Осыдан кейiнтүзiлген мыспен иод ерiтiндiсiнiң әрекеттесу реакциясы жүргiзiлген және мыс (I) иодидiнiңтүзiлуi байқалған. Рентгенофлюоресценттiк, рентгенофазалық, химиялық әдiстермен түзiлгенқосылыстың мыс (I) иодидi екенi анықталған. Жасалған әдiстi мыс (I) иодидiн алудың басқаәдiстерiмен салыстыру жүргiзiлген.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 126, № 1, С. 8-15
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University