Central AsianResearch Index

Күкiртперлиттi қалдықтың жоңышқа өнiмдiлiгiне және ауыр металдардың (Cd, Pb, Zn) транслокациясына әсерi

Мақалада сұр топырақ - күкiртперлиттi қалдық-өсiмдiк жүйесiндегi ауырметалдардың (Cd, Pb, Zn) мөлшерiне сәйкес транслокациялануы және жоңышқаныңөнiмдiлiгiне тигiзетiн әсерлерiн айқындау мақсатында өткiзiлген далалық тәжiрибежұмыстарының нәтижелерi келтiрiлген. Тәжiрибелiк нәтижелер бойынша күкiртперлиттiқалдық сорбенттiк рөл атқаратыны және бүл құрамға тыңайтқыштық, мелиоранттық қасиеттән екенi айқындалды. Жоңышқаның өнiмдiлiгi ауыр металдардың түрлерi мен мөлшерлерiнебайланысты екенi дәлелдендi. Ауыр металдармен техногендi түрде ластанған топырақтаналынған жоңышқаның бiрiншi орымын жем-шөп ретiнде пайдалануға болмайтыны; екiншi,үшiншi, т.б. орымдар арқылы алынған жоңышқаның беткi бөлiгiнде транслокацияланғанауыр металдардың (Cd, Zn) мөлшерлерi ШРК-дан төмен болғандықтан экологиялық тұрғыданқарастырғанда жем-азықтық, дәрiлiк өнiм ретiнде қолдануға болатыны анықталды. Алқорғасынмен ластанған топырақта өсiрiлген жоңышқаның кез келген орымы жем-азық,медициналық құрал ретiнде қолдануға жатпайды.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 126, № 1, С. 60-67
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University