Central AsianResearch Index

Сабинол негiзiнде жаңа триазол мен несепнәр туындылары және олардың биологиялық белсендiлiгi

Мақалада Juniperus sabina L. эфир майынан бөлiнiп алынған монотерпеноидсабинолдың Оверманұң қайта топтастыру реакциясымен аллил амин туындысын алу жолыкелтiрiлген. Триазол және несепнәр қосылыстарын дайындау үшiн бастапқы қосылыс ретiндепайдаланған сабинол негiзiндегi аллил аминнiң толық спектрлiк мәлiметтерi ( 1 H және 13 CЯМР, екi өлшемдi 1 H - 1 H COSY, HSQC, HMBC) сипатталған. Бастапқы амин, кетон және 4-нитрофенил азид сияқты қол жетiмдi құрылыс блоктарынан үш компоненттi реакция арқылытриазолдар синтезi орындалды. Несепнәр синтезi амин мен гексил изоцианаты әрекеттесуарқылы жүзеге асырылды. Реакция өнiмдерi 50% -дан астам шығуымен оқшауланып,олардың құрылымы заманауи физика-химиялық талдау әдiстерiнiң көмегiмен дәлелдендi.Алынған жаңа триазолдар мен уреид қосылыстарының цитоуттық, қатерлi iсiкке қарсы,ангидраза, тирозиназа, бутирилхолинестераза және дипептил пептидаза ингибирлеу сияқтыбелсендiлiктерi анықталды.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 123, № 2, С. 33-41
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University