Central AsianResearch Index

Chamaenerion latifolium (L.) Th. Fr. et Lange. амин және май қышқылдарының құрамы

Бұл мақалада Қазақстанда өсетiн Onagraceae Lindl. тұқымдасына, Chamaenerion Adans. ( синонимi - Epilobium latifolium L. Sp. Pl) тегiне жататын Chamaenerion latifolium(L.) Th. Fr. et Lange.(күреңот үлкен жапырақты) өсiмдiгi жөнiнде таралу аймағы, таралуы,ботаникалық сипаттамасы, халықтық медицинада қолдануы жөнiнде мәлiмет келтiрiлген. Бұлөсiмдiк жаңартылатын өсiмдiк шикiзаты болып табылады, Қазақстанда кеңiнен таралған.Зерттеу нысаны ретiнде Үлкен Алматы тау шатқалдарының жиналған Chamaenerion latifolium гүлденген кезеңдегi өсiмдiгiнiң жер үстi бөлiктерi жиналған. Әдебиетке шолу жүргiзунегiзiнде, күреңот үлкен жапырақты өсiмдiгi химиялық құрамы жөнiнде зерттелмеген. Аминқышқылды анализатор көмегiмен осы өсiмдiкте 20 амин қышқылдары бар екенi дәлелдендi.Олардың iшiнен глутамин, пролин, аспартат, аргинин, аланин көп мөлшерде; орнитин,оксопролин, метионин аз мөлшерде - табылды. Газ - сұйықтық хроматография әдiсiнқолданып, шикiзатта 8 май қышқылдары: қаныққан (24,5-28,1%) – пентадекан, стеарин,миристин, пальмитин; моноқанықпаған (36,2-36,9%) – пальмито-олеин, олеин; полиқанықпаған(35,0-40,0%) – линол, линолен идентификацияланды. Пальмитин, олеин, линол - көпмөлшерде, ал пентадекан, пальмито-олеин, линолен қышқылдары аз мөлшерде өсiмдiктiңбарлық бөлiктерiнде бар екенi анықталды.

Сведения

Опубликовано
2018 · Т. 122, № 1, С. 27-32
Язык
Казахский
ISSN
2616-6771 · 2617-9962 · 3107-278X · 3135-209X
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University