Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің арасындағы экономикалық қатынастардың реттелуі
Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің арасындағы экономикалық қатынастардың реттелуі қарастырылған. 2015 жылы қабылданған «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» туралы заңныңбаптары жан-жақты талқыланған. Атап айтқанда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің анықтамасы, белгісі, мемлекеттік әріптес пен жеке әріптестік арасындағықарым-қатынастардың реттелуі, құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік органдар және олардың құзыреттіліктері сарапталды. Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелікәріптестік шарттарын жасау жолдары, жүзеге асырудың интституционалдық жәнекелісім-шарттық тәсілдерінің мазмұны ашылып көрсетілді. Осы заң аясында қарастырылмаған экономикалық қатынастар қосымша өзге де заңдармен реттелетіндігі айқындалды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру нәтижелерінесандық және сапалық талдау жасалды.Нақты құқықтық құрал мемлекеттік-жекешелік әріптестікті тиімді пайдалануғамүмкіндік береді және ұлттық құқықтық тәртіп пен қоғамның нақты ерекшелігінебайланысты өзгеріп отырады. Әрбір мемлекеттің қалыптасқан дәстүрлі құқықтықерекшеліктері бойынша мемлекет пен бизнес субъектілерінің арақатынасы реттелеотырып, нақты бір әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп келеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 2, С. 55-67
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2079-620X · 2617-5193 · 2789-4320 · 2789-4339
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University