Отандық мұнай-химия өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Алдыңғы қатарлы елдің әлемдік және ішкі нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігінің негізі – бұл шикізат секторына бағытталуына тәуелділіктен арыла отырып, саланың, өндірістің, өнеркәсіп өнімінің барлық бәсекелестік артықшылықтарынтиімді іске асыру мүмкіндігі. Қазақстанның қолда бар ресурстық әлеуетін іске асыружәне қолайлы нарықтық конъюнктура есебінен мұнай-химия саласын дамыту, дамудың сапалы жаңа жолына қол жеткізу, әлемдік нарықтарға шығуды арттыру да бәсекегеқабілеттіліктің негізі болып табылады. Қазақстан жеткен оң нәтижелерді нығайтужәне алға қарай экономикалық дамудың тірегі дамыған мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуші кластерлік құрылымдар да болуы керек.Бәсеке мен инновацияның өзара әрекеттесуінің диалектикалық сипаты бәсекеге қабілеттіліктің инновациялық құраушыларын зерттеу қажеттілігі мен маңыздылығынайқындайды. Мұнай-химия өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру елден тыс таіскерлендірілуі қажет. Бұл тұрғыда, ЕЭО аясында мүше мемлекеттерде салааралықмұнай-химия кластерін ұйымдастыру арқылы ұлттық, өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндігін қарастыруға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 1, С. 64-73
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2079-620X · 2617-5193 · 2789-4320 · 2789-4339
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University