«Дедолларизация» саясатының ұлттық экономикаға әсері: артықшылықтары мен кемшіліктері
Ел экономикасының долларға тәуелділігі валюта нарығының құбылмалылығының негізгі факторы ретінде қарастырылып, халықтың ұлттық валютаға дегенсенімін жоғалту қаупін тудырады. Бұл орайда, мемлекеттің дедолларизация саясатынжүргізуі елдегі есеп айырысу мен валюталық операциялардағы ұлттық валютаның роліннығайту жолындағы басты қадамдардың бірі болып табылады.Мақаланың мақсаты – дедолларизация саясатының негізгі себептерін анықтау, бұлүрдістің ел экономикасына әсерлерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерінталдау, оның елге алып келетін негізгі салдарын анықтау, валюта бағамдарының өзгермелілігінің бұл үрдіске әсер етуі және халық пен корпоративті сала өкілдерінің салымдарды жасаудағы ұлттық валютаға деген қызығушылық пен сенімділік деңгейінталдау. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталар бағамдары мен депозиттік салымдарбойынша соңғы статистикалық мәліметтері пайдаланылып, әлемдік COVID-19 пандемиясының ҚР ұлттық экономикасы мен ұлттық валютасы теңгенің тұрақтылығынатигізген әсері талқыланды. Зерттеу барысында дедолларизация саясатының салдарынанпайда болған проблемалар анықталды. Мемлекеттің дедолларизация саясатының құбылмалы валюталық бағамдар мен доллардың халықаралық валюта нарығындағы нықпозициясы жағдайында максималды тиімділігін қамтамасыз етуге кейбір негізгі ұсыныстар жасалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 1, С. 191-200
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2079-620X · 2617-5193 · 2789-4320 · 2789-4339
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University