Қарағанды облысы моноқалаларының инновациялық даму тетіктері
ҚР Президенті 2019 жылдың 2-қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында ресурстық менталитеттен бас тарту және экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ,еңбек өнімділігін арттыру, инновацияларды дамыту және т.б. туралы атап айтқан[1]. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялықдаму жоспарында мемлекеттің назары болашағы бар, әсіресе, ірі қала-агломерацияларорталықтарының ықпал ету аймағында орналасқан орта және шағын қалаларды экономикалық дамытуға, «Smart City» тұжырымдамасы негізінде қала ортасын басқаруүшін жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталатын болады. Моноқалаларда орын алған көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелелер кешенін шешуүшін олардың инновациялық әлеуетін анықтай келе, инновациялық дамытудың тиімдістратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу қажет. Өз кезегінде моноқалалар экономикасын трансформациялау, жаңғырту және әртараптандыру инновациялық қызметтідамытпай қол жеткізу мүмкін емес. Ал моноқалалардың әлеуметтік-экономикалықдамуы деңгейі, әсіресе, Қарағанды облысында орналасқан моноқалаларда әртүрлі болыпкеледі. Сондықтан моноқалалар дамуының стратегиялық бағыттарын құрастыру барысы олардың инновациялық әлеуеттерінің даму деңгейі бойынша жіктеме негізіндежүзеге асырылған жөн. Мақалада республика бойынша ең көп моноқалалар шоғырланғанҚарағанды облысындағы моноаумақтардың дамуының түрлі бағыттарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі жалпылай алынған. Сондай-ақ, моноқалалардың инновациялық дамуын басқару тетіктері ұсынылып, моноқалалардың даму шеңберіндегі түрлісубъектілердің өзара әрекеттер жүйесі құрылымданған.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 4, С. 113-122
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2079-620X · 2617-5193 · 2789-4320 · 2789-4339
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University