ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мақалада аналитикалық химия пәнінен заманауи оқыту әдістемелері мен цифрлық технологияны қолданылып өткізілген семинар сабағы қарастырылған. Қазіргі таңда жаңартылған жүйені оқу үрдісінде қолдануда дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар жаңа технологиялар да енгізілуде. Қазіргі химия мұғалімі пәннің теориялық негізін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін, заманауи педагогикалық технологияларды жетік меңгеріп қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдануды, әртүрлі педагогикалық жағдайларды модельдеу және талдауды меңгерген. Сабақ барысында оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару, практикалық дағдыларға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми дүниетанымның негіздерін қалыптастыру мақсатында заманауи педагогикалық технологиялар, оның ішінде, топтық оқыту технологиясы, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы, ойын технологиясы және цифрлық технолиясы пайдаланылды. Білім алушылардың үлгерімділік деңгейін анықтау сабақ соңында «quizizz» бағдарламасы негізінде жүргізілді және диаграмма түрінде келтірілді. Сабақ барысын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді, цифрлық технологиярды, негізгі оқыту әдістемелерін пайдалану ұтымды нәтиже берді, білім алушылардың танымдық белсенділігінің, ынтасының жоғарылағаны байқалды. Студенттер рефлексия кезінде титриметрия әдістерін толық меңгергендерін көрсетіп, сабақты қорытындылауға атсалысты. «Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістері» тақырыбы бойынша өткен семинар сабағында қолданылған оқыту технологиялары білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беретіндігі айқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 4, С. 94-106
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP