Central AsianResearch Index

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА АУДИТ ЖҮРГІЗУ ӘДІСНАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бахыт Бахыт, С.Б. Мақыш Мақыш

Нәтижеге бағдарланған бюджеттеуге көшу процесі бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің көрсеткіштерін арттыру қажеттілігіне алып келді. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету салалары бойынша бюджет қаражатын қайта бөлудің негізгі тетігі бағдарламалық-нысаналы басқаруды қолдану, дәлірек айтқанда мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалар бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінде атқарушы билік органдарының қызметінде басқарудың бағдарламалық-нысаналы әдісін іске асыру кезінде айқындаушы құрал болып табылады. Өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаларды іс жүзінде орындаудың маңызды және ажырамас элементтерінің бірі тиімділік аудиті болып табылады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңына сәйкес мемлекеттік бағдарламаларға аудит тиімділік аудитінің бір бағыты ретінде қарастырылады. Алайда, көптеген мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылып жатса да, еліміздің стратегиялық мақсаттарын орындап жатқан жок. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға жүргізілетін тиімділік аудитінің жүйесінің, ең бастысы әдіснамасының толық жетілдірілмегендігін, кемшіліктері бар екендігін көрсетеді. Осыған орай, шетел тәжірибесін қарастыру мақсатында посткеңестік алаңда тұрақты дамып келе жатқан ел - Ресей Федерациясының тәжірибесі қарастырылды. Ұсынылған мақалада Ресей Федерациясының мемлекеттік бағдарламаларына аудит жүргізу ерекшеліктері мен әдіснамалық аспектілері зерттеліп, біздің жүйені жетілдіруге септігін тигізетін ұсыныстар берілді.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 4, С. 249-261
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP