Central AsianResearch Index

IT БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН БІЛІМ БЕРУ ГЕЙМИФИКАЦИЯСЫНЫҢ РӨЛІ

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім болашақ маманның тұтас қалыптасуы мен дамуы ретінде қарастырылады. Осыған байланысты басым қасиеттерге терең кәсіби білім мен дағдылар ғана емес, сонымен қатар шығармашылық белсенділік, үздіксіз білім алуға және өзін-өзі дамытуға дайындық кіреді. ІТ бағытында білім алған мамандар еңбек нарығындағы беделі мен қажеттілігі даусыз. Бұл бағытта білім алатын білім алушылардың нақты ғылымдарға бейімді, программалау тілдерін үйренуге табанды және үнемі жетілдіруге деген ұмтылысы болуы қажет. Ақпараттық жүйелер саласындағы білім беру саласындағы оқытушылар, әсіресе бакалавриат деңгейінде, білім алушылардың осы саланы үйренуге деген қызығушылығын сақтап, тіпті арттыра алуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін қолдануға болатын әдістердің бірі – геймификация. Мақалада программалауды меңгеру үшін білім беру геймификациясын қолдану функциялары мен әдістері қарастырылады, сондай-ақ ІТ бағытындағы білім алушылардың дағдылары мен шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдағаннан кейін біз білім беру геймификациясының артықшылықтарын анықтадық. Көптеген зерттеушілер тарихта ойын механикасын білім алушыларды программалау тұжырымдамаларын үйренуге үйрету, ынталандыру және тарту үшін қолданады. Программалау бастамаларын оқып жатқанда білім алушылар жиі қиындықтарға кезігеді, геймификация білім алушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырудың жолын қамтамасыз етуі мүмкін, сонымен қатар оқылған материалдың құзіреттілік деңгейі бойынша кері байланысты қамтамасыз етеді. Сол себепті де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дайындау бағытында әзірленетін білім беру бағдарламаларына талдау жасалынды. Геймификация – бұл білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында ойын элементтерін білімге қосу үрдісі. Сонымен, программлау мен геймификация арасында жақсы сәйкестік бар. Сол себепті де ІТ бағытында білім алушылар үшін геймификацияның атқаратын рөлі зор.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 4, С. 186-200
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP