Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА ПЕДАГОГТАРЫН ЖАСАНДЫ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРГЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған әртүрлі реформалар болып жатқаны баршамызға мәлім. Жалпы білім беретін мектептерге қатысты білім мазмұнының жаңартылуына байланысты педагогтардың да кәсіби құзіреттілігінің талапқа сай болуы ескерілуі тиіс. Сондықтан жоғарғы оқу орындарындағы классикалық білім беру бағдарламаларын да қайта қарастырып, өзгертулер мен толықтырулар жасау қажеттілігі туындауда. Бұл қажеттілік әсіресе информатика педагогтары үшін өзекті, оның бір себебі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы болып отыр. Жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын информатика пәнінің мазмұнының жаңартылуына байланысты жаңадан бөлімдер мен тақырыптар қосылды, соның бірі – жасанды нейрондық желілер. Мектептегі 10-11 сыныптар қарастыратын жасанды интеллект, нейрондық желілер сияқты заманауи жаңашылдықтарды педагог кадрларды дайындайтын жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларына енгізу және бұл тақырыптарды болашақ педагогтарға игертудің тиімді тәсілдері қолданылуы қажет. Себебі, жалпыбілім беретін орта мектеп мұғалімдерімен пікіралмасу барысында соңғы заманмауи тақырыптарды игертуде көбіне тәжірибеге бағытталған әдістемелік құралдардың болмағандықтан, өз бетімен игеруде қиыншылықтар кездесетіндіктен жасанды нейрондық желілер тақырыптарын көбінесе теория жүзінде ғана қарастырып өтуге мәжбүр болып отырғандарын басым көпшілігі растады. Пәндік мазмұнға қатысты біліктілікті арттыру курстары жүргізілмейтіндіктен, педагогтардың көпшілігі магистатураға құжат тапсырып, білімдерін жетілдіруге ұмтылуда. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында жүргізілген эксперимент сабақтарды талдау заманауи технологияларды меңгертуде, атап айтқанда жасанды нейрондық желілер бағытына қатысты жаңашыл тақырыптарды педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана өткізу оң нәтижелі болады деген қорытындыға әкелді. Бұл зерттеу жұмысы университеттегі магистратурада оқытылатын таңдау пәні негізінде дәстүрлі оқыту форматында жүзеге асырылды.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 4, С. 107-119
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP