Central AsianResearch Index

PROXMOX VE НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ВИРТУАЛДАНДЫРУ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бұл мақалада жоғары оқу орындарының ақпараттық- инфрақұрылымында заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып виртуалдандыру технологияларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыру. Proxmox VE виртуалдандыру сервері жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне енгізу арқылы магистранттардың виртуалдандыру біліктілігін дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеу барысында виртуалдандыру технологияларының білім беру саласындағы рөлі талданып, Proxmox VE сервердің қызметтік мүмкіндіктері зерттелді. Білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік материалдар мен тәжірибелік жұмыстар әзірленіп, олардың практикалық дағдылары қалыптастырып тиімділігі бағаланды. Виртуалдандырылған ортада жұмыс істеу барысында магистранттар жүйелік әкімшілендіру, серверлік инфрақұрылымды жобалау және ресурстарды оңтайлы пайдалану дағдыларын меңгереді. Зерттеу нәтижелері Proxmox VE платформасын қолдану магистранттардың виртуалды машиналармен жұмыс істеу, серверлік ресурстарды басқару және желілік баптауларды орындау құзыреттілігін арттыратынын көрсетті. Жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелер саласындағы пәндерін оқытуда заманауи виртуалдандыру платформаларын қолданудың маңыздылығын дәлелдейді. Виртуалдандыру технологияларын оқыту үдерісін жетілдіруде пайдалануға ұсынылады және еңбек нарығындағы бәсекелестігін арттыру үшін қадам. Виртуалдандыру технологияларын қолдану магистранттардың оқу мотивациясына және кәсіби қызығушылығына оң әсер ететінін көрсетті. Proxmox VE негізінде ұйымдастырылған зертханалық жұмыстар материалдық техникалық шығындарды азайтуға, серверлік ресурстарды орталықтандырылған түрде басқаруға және оқу зертханаларының масштабталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, жүргізілген зерттеу виртуалдандыру технологияларын қолдану арқылы магистранттардың кәсіби даярлығын арттыруға болатынын және бұл тәсілдің жоғары білім беру жүйесінде практикалық маңызы жоғары екенің көрсетеді. Алынған нәтижелер ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар бағытындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіруде әдістемелік негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін. Түйін сөздер: виртуалдандыру, Proxmox VE платформа, жоғары оқу орны, ақпараттық инфрақұрылым, тиімділік, білім беру бағдарламасы.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 357, № 1
Язык
Казахский
ISSN
1991-346X · 2518-1726
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP