КИБЕРНАСИХАТТЫҚ КОНТЕНТТІ АНЫҚТАУ ҮШІН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР ҚОЛДАНУ
Әлеуметтік желілерде таралатын кибернасихат идеологиялық манипуляцияның жаңа формасына айналып, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіруде. Кибернасихаттық контенттің жасырын құрылымы, мақсатты ықпал ету сипаты және күрделі семантикалық ерекшеліктері оны автоматты түрде анықтауды қиындатады. Осыған байланысты мұндай контентті тиімді айқындау үшін заманауи табиғи тілді өңдеу және терең оқыту әдістерін қолдану өзекті болып табылады. Бұл зерттеуде кибернасихатты семантикалық талдау негізінде анықтау үшін алдын ала оқытылған трансформерлік тілдік модельдерді дәл баптау тәсілдері ұсынылады. Кибернасихаттық және бейтарап мәтіндерден тұратын арнайы корпус негізінде BERT архитектурасына сүйенген біртілді және көптілді модельдер зерттелді. Деректердегі класстар теңгерімсіздігін жою мақсатында Random Oversampling, SMOTE және SMOTE-ENN әдістері қолданылды. Эксперименттік нәтижелер дәл бапталған модельдердің дәстүрлі әдістерге қарағанда жоғары тиімділік көрсететінін дәлелдеді. Атап айтқанда, KazBERT моделі ROC-қисық бойынша AUC=0.97 мәніне қол жеткізіп, модельдің жоғары ажырату қабілеті мен тұрақтылығын көрсетті. Алынған нәтижелер кибернасихатты автоматты түрде анықтауға арналған интеллектуалды ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамытуға негіз болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 357, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-346X · 2518-1726
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP