Central AsianResearch Index

КУ-2-8 ЖӘНЕ АВ-17-8 ӨНДІРІСТІК ИОНИТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ ИНТЕРПОЛИМЕРЛІ ЖҮЙЕНІҢ ВАНАДИЙ ЖӘНЕ МОЛИБДЕН ИОНДАРЫН СОРБЦИЯЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЗЕРТТЕУ

Бұл ғылыми мақалада КУ-2-8:AВ-17-8 интерполимерлік жүйесінің ванадий және молибденнен тұратын бинарлы ерітіндідегі сорбциялық қасиеті сипатталған. Жұмыстың мақсаты өндірісте кеңінен қолданылатын КУ-2-8 (катионит) және АВ-17-8 (анионит) ион алмастырғыш шайырлары негізінде құрылған интерполимерлі жүйелердің ванадий мен молибден иондары бар күрделі ерітіндідегі сорбциялық касиетін зерттеу. Зерттеуге индуктивті байланысқан плазмалық оптикалық эмиссиялық спектрометрі, Фурье түрлендіру инфрақызыл (FTIR) спектрометрі және термогравиметриялық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелерінен молибденнің ең жоғары сорбция дәрежесі интерполимерлі жүйенің КУ-2-8:АВ-17-8 1:5 және 2:4 қатынастарында тіркелді. 48 сағаттан кейін бұл нүктелерде сорбция дәрежесі 48.30% және 45.51%-ға жетті. Жеке иониттермен салыстырғанда интерполимерлі жүйеде сорбция белсенділігі айтарлықтай жоғары. Ванадий иондары үшін КУ-2-8-АВ-17-8 интерполимерлі жүйенің 2:4 қатынасы жоғары сорбция дәрежесін (48 сағатта ~52%) көрсетті. Тек ғана катионит (6:0) немесе тек ғана анионит (0:6) жағдайында сорбция дәрежесі төмен (25-38% шамасында). Жүйенің таралу коэффициенттері Kd(Mo) = 1.392·103 және Kd(V) = 1.826·103 болды. Сорбциядан кейінгі полимер үлгілерінің ИҚ спектрлерінде оптикалық тығыздық мәндері өзгерген. Ерітіндінің pH мәніне байланысты ванадий әртүрлі иондық формада (VO2+, VO43-) кездесетіндіктен катионит пен анионитте сорбция қатар жүрген. Бұл екі түрлі функционалды топтың (қышқылдық және негіздік) бір мезгілде әсер етуі маңызды екенін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері КУ-2-8:АВ-17-8 өндірістік шайырлардан құрылған интерполимерлік жүйесін қолдану сулы ерітінділерден молибден және ванадий иондарын кешенді түрде бөліп алудың тиімді әрі перспективалы әдісі екенін көрсетті.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 2
Язык
Казахский
ISSN
2224-5286 · 2518-1491
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP