Central AsianResearch Index

ПЕРОВСКИТ ҚҰРЫЛЫМДЫ CaMnO2.98 СИНТЕЗІ МЕН МОРФОЛОГИЯСЫ

Бұл жұмыста CaMnO2.98 негізіндегі перовскиті синтезделіп, оның құрылымдық және морфологиялық қасиеттері кешенді түрде зерттелді. Синтез процесінде Печинидің зол-гель әдісі және экологиялық таза Жасыл синтез әдісі қолданылды. Печини әдісі металл иондарын лимон қышқылы мен этиленгликоль көмегімен кешендеу арқылы біртекті гель түзіп, наноқұрылымды материал алуға мүмкіндік берді. Ал жасыл синтез әдісінде алоэ сығындысы пайдаланылып, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолмен перовскит синтезделді. Нәтижесінде екі әдіс арқылы да перовскит құрылымындағы CaMnO2.98 перовскиті алынды. Рентгендік дифракциялық (XRD) талдау нәтижелері синтезделген материалдың орторомбты сингонияға жататынын және таза перовскит фазасында түзілгенін көрсетті. Печини әдісімен алынған үлгінің тор параметрлері a = 5.27 Å, b = 7.46 Å, c = 5.28 Å, элементар ұяшық көлемі V = 207.92 Å3 болса, жасыл синтез арқылы алынған үлгі үшін a = 5.28 Å, b = 5.26 Å, c = 7.45 Å және V = 207.24 Å3 мәндері анықталды. Mn–O байланыс ұзындықтары 1.041–2.450 Å аралығында болып, орташа мәні 1.971 Å, ал Ca–O байланыстары 1.319–3.211 Å диапазонында, орташа мәні 2.343 Å болды. Бұл көрсеткіштер MnO6 октаэдрлерінің құрылымдық тұрақтылығын және Ca2+ иондарының торды тұрақтандырушы рөлін дәлелдейді. EBSD және SAED талдаулары CaMnO2.98 перовскитінің таза орторомбты (Pnma) фазада түзілгенін, жоғары кристалдық сапаға және біртекті микроструктураға ие екенін растады. Сканерлеуші электрондық микроскопия нәтижелері бойынша бөлшектердің орташа өлшемдері 0.24 µm және 0.7 µm болды. FTIR спектрлерінде 662 см-1 және 671 см-1 аймақтарында байқалған жұтылу жолақтары Ca–O және Mn–O байланыстарына сәйкес келді. Алынған нәтижелер CaMnO2.98 перовскитінің катализдік, электрохимиялық және энергетикалық қолданбалар үшін перспективалы материал екенін көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 466, № 1
Язык
Казахский
ISSN
2224-5286 · 2518-1491
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP