Central AsianResearch Index

ҮЙІНДІ ШАЙМАЛАУ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН АЛЫНҒАН ЦЕМЕНТ КЛИНКЕРІНІҢ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ

Ғылыми мақалада портландцемент клинкерін алу үшін сазды компонент ретінде алтын өндірісінің қалдығы үйінді шаймалау қалдықтарды қолдану мүмкіндігі көрсетілген. Зерттеудің өзектілігі елімізде жинақталған өндіріс қалдықтарды кәдеге жарату және экологиялық мәселелерді тиімді шешу болып табылады. Зерттеу жұмыстар X-Ray S8 TIGER құрылғысында рентгендік флуоресценциялық, ARL X’TRA құрылғысындағы рентгендік дифракциялық, JEOL JSM-6490 LV құрылғысында сканерлеуші электронды микроскопиялық әдістерді қолданып және МЕСТ талаптарды сақтай отырып орындалды. Жүргізліген зерттеу жұмыстардың нәтижесінде, «Әктас + үйінді шаймалау қалдығы + қорғасын шлагы» құрамынан тұратын дәстүрлі емес шикізат қоспасынан алынған клинкерде минерал түзілу процесі 50°C төмен аяқталғаны және клинкердегі бос кальций оксидінің мөлшері 0,94 % болғаны анықталды. Клинкердегі минералдардың кристалдануы айтарлықтай ерекше және біркелкі, аймақтық таралғанын көрсетті. Алит әртүрлі өлшемдегі 100 мкм-ге жететін кристалдармен ұсынылған. Белит дөңгелек және сопақша кристалдар түрінде кристалданған. Аралық фаза өте көп және ол кальций алюмоферриттері мен кальций алюминатынан тұратындығы айқындалған. Клинкерде алит минералы. C3S - 63%, C2S - 14% және аралық фаза C3A - 1,3% және C4AF - 17,1% тұрады. Клинкердің химиялық құрамы, %: SiO2 - 19,40; Al2O3 - 4,26; Fe2O3 - 2,96; СаО - 69,97; МgO - 1,63 болды. Бұл клинкер түзілу процесінде үйінді шаймалау қалдықтары мен қорғасын шлагының 22,38% ендірілуі кальциттің ыдырау температурасын 50°C-қа төмендетті. Үйінді шаймалау қалдықтары мен қорғасын шлагының құрамындағы CuO, PbO және ZnO оксидтерінің аз мөлшері минералдану процесіне тиімді әсерін тигізді. Сондай-ақ, төмен температурада кальцит кристалдық торының тезірек бұзылуына ықпал етті.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 466, № 1
Язык
Казахский
ISSN
2224-5286 · 2518-1491
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP