Central AsianResearch Index

БЕНТОНИТ САЗЫНЫҢ БӨЛШЕКТЕРІМЕН ТҰРАҚТАНДЫРЫЛҒАН ЭМУЛЬСИЯЛАРДЫ АЛУ

Көптеген дәрілік препараттар, тағамдық және косметикалық өнімдер әртүрлі типтегі эмульсияларға негізделіп алынады. Эмульсияларды тұрақтандыруда әдеттегі беттік активті заттардың орнына қатты бөлшектерді қолдануға болады. Бұл жұмыста Таған кен орнынан алынған бентонит сазының микробөлшектерімен тұрақтандырылған Пикеринг эмульсияларының тұрақтылығы зерттелді. Соңғы жылдары қатты бөлшектермен тұрақтандырылған Пикеринг эмульсиялары айтарлықтай қызығушылық тудыруда. Пикеринг эмульсияларын тұрақтандыру мақсатында улы емес табиғи қатты бөлшектер қолдануға болатыны көрсетілген. Жұмыстың мақсаты: Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Таған кен орнынан алынған бентонит сазымен тұрақтандырылған Пикеринг эмульсияларын алу. Алынған нәтижелер: су-май фазаларының қатынасы, саз концентрациясы және бөлшектердің мөлшері эмульсия тұрақтылығына әсері зерттелді. Саздың химиялық құрамы анықталды: SiO2 – 64.7 %, Al2O3 – 27.04 %, MgO – 5.1 %, CaO – 2.09 %, Na2O – 0.55 %, FeO – 0.53 %, саз микробөлшектерін алу үшін планетарлы диірмен қолданылып, эмульсиялардың тұрақтылығы зерттелді. Эмульсия тұрақтандыру үшін оңтайлы жағдайлар анықталды. Таған бентонит сазының микробөлшектері табиғи қатты тұрақтандырғыш ретінде алуға болатыны анықталды. Пикеpинг эмульсиясын тұрақтандыру мeханизмі және эмульсия тұрақтылығына әcер ететін факторлар сипаттaлды. Эмульсиялардың тұрақтылығы су/май қатынасы 4:6, cаз бөлшектері өлшемі 10 мкм-ге дейін дисперсиялануы, эмульсия тұрақтылығын жоғарлатты. Бентонит сазы суспензиясының концентрациясы 3% дан 5 % дейін жоғарлауы эмульсия тұрақтылығын арттырады. Бұл саз бөлшектерімен тұрақтандырылған эмульсиялар әртүрлі салаларда қолданылу мүмкіндігіне ие, оның ішінде, тұрақты косметикалық эмульсияларды алуға болады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 466, № 1
Язык
Казахский
ISSN
2224-5286 · 2518-1491
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP