Central AsianResearch Index

QUANTUM ESPRESSO БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ Cs2 Ag 0.2Na 0.4In0.6Ti0.4Cl6 ҚОС ГАЛОГЕНДІ ПЕРОВСКИТТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН БІРІНШІ ПРИНЦИПТІК ЕСЕПТЕУ

Қос галогенді перевоскиттер энергетикада келешегі бар материалдардың бірі болып есептелінеді. Соңғы жылдары бұл материалдар күн энергетикасы, жарық шығаратын диодтар, фотодетекторлар және фотокатализ салаларында ерекше қызығушылық тудырып отыр. Олардың басты артықшылығы – экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы, құрамында улы қорғасынның болмауы және физика-химиялық қасиеттерін, құрамын өзгерту арқылы тиімді басқару мүмкіндігі. Мақалада қос галогенді перовскиттер қатарындағы Cs2Ag0.2Na0.4In0.6Ti0.4Cl2 күрделі көпкомпонентті материалдың электрондық қасиеттерін бірінші принциптік есептеу әдістері негізінде зертелді. Есептеулер Density Functional Theory (DFT) негізінде құралған Quantum ESPRESSO бағдармалық пакетінің графиқалық интерфейсі Burai 1.3.1 бағдарламасында жасалынды. Зерттеу бағыттары, перовскит зоналық құрылымың есептеу, яғни валенттік және өткізгіштік аймақтарының дисперсиясы анықталу (VBM және CBM), тиым салынған аймақ ені анықтау (Eg), электрондық күйлерлердің тығыздығы (Density of states – DOS) анықтау, талдау, әртүрлі материалдардың энергетикалық аймақтарын қалыптастыруға қосқан үлестерін анықтау, әсіресі ауыспалы Ti мен Ag сияқты ауыспалы металдардың әсерін бағалау үшін маңызды, сонымен қатар перевоскиттердің жарық сіңіру қаситтерін бағалау. Алынған нәтижелер материалдың жарық сіңіру қабілетін болжауға және оның фотоэлектрлік құрылғыларда қолдану мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мақала Ti және Na сияқты элементтерді қос галогенді перовскиттерге еңгізу арқылы олардың электрондық қаситтерің реттеу жолдарын терең түсінуге, болашақта жоғары тиімді және тұрақты перовскитті материалдарды жобалауға ғылыми негіз бола алады. Сонымен қатар алынған нәтижелер болашақта эксперименттік зерттеулермен салыстыруға және жаңа функционалдық материалды синтездеу стратегиясын анықтауға маңызды бағыт-бағдар береді.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2026 · Т. 1, № 357
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP