Central AsianResearch Index

STEM ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Зерттеу барысында STEM моделі заманауи білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын және күрделі мәселелерді шешу дағдыларын дамытудың стратегиялық құралы екені негізделді. Зерттеу негізінде мектептегі химия сабақтарында STEM технологияларын қолданудың әдістемелік алгоритмдері айқындалды. Сабақтан тыс жобалық жұмыстарда STEM технологиясы оқушылардың химиялық синтез, карбонизация технологиясы және математикалық есептеу дағдыларын ұштастырды. STEM технологияларын қолдану нәтижесінде оқушылардың негізгі зерттеушілік дағдылары жоғарылағаны сауалнама арқылы анықталды. STEM жобаны критериалды бағалау жүйесі химия пәнінің мұғалімдеріне STEM жобаларын сабақтан тыс жұмыстарда жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бағалау шкаласы оқушының S, T, E, M бағыттарының басымдылығын анықтап, болашақ кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі. Химия пәнін практикалық-бағдарланған, инженерлік мазмұнға ауыстыру үшін материалдық-техникалық және әдістемелік негіз болады. Сабақтан тыс жобалық жұмыстарда STEM технологияны қолдану химиялық білімді өндірістік және экологиялық контексте қарастырып, білімнің прагматикалық құндылығын арттырды. Сабақтан тыс химия жобалық жұмыстарында STEM технологиясын қолданудың теориялық негіздері зерттелді, мысалға табиғи ресурстардан көміртек материалдарын алу жобалары орындалды. Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін сабақтан тыс ғылыми тәжірибелік жобаларда дамыту жолдары анықталды. Сабақтан тыс жобалық жұмыстарда STEM технологиясының тиімділігі бақыланып, тәжірибелік эксперимент арқылы бағаланды. Зерттеу мақсаты толық орындалып, ұсынылған гипотеза ғылыми тұрғыдан расталды. STEM технологиясы негізіндегі оқыту үлгісі оқушыларды заманауи инновациялық экономика мен болашақ еңбек нарығының сын-қатерлеріне даярлауда жоғары педагогикалық және стратегиялық басымдылықты қамтамасыз етеді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 423, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP