Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ 8–9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДИАЛОГТІК СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі 8–9 сынып оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту – қазіргі білім беру жүйесінде маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі заманғы білім беру талаптарына сәйкес, оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру тек тілдік біліммен шектелмей, сонымен қатар ойлау, әлеуметтік және мәдени дағдыларды дамыту арқылы жүзеге асуы қажет. Бұл мақалада инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың қазақ тіліндегі диалогтік сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары қарастырылады. Зерттеу барысында интерактивті сабақ, рөлдік ойындар, жұптық және топтық тапсырмалар, мультимедиалық құралдар, онлайн платформалар және мобильді қосымшалар сияқты инновациялық тәсілдер қолданылды. Сонымен қатар, оқушылардың сөйлеу белсенділігін арттырудағы формативті бағалау және критериалды бағалау әдістерінің тиімділігі қарастырылды. Жүргізілген тәжірибелік зерттеу көрсеткендей, инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың диалог құру қабілеті, ауызша сөйлеу белсенділігі және коммуникативтік сенімділігі едәуір жоғарылады. Зерттеу нәтижелері педагогикалық тәжірибеде қолдануға және қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытатын мектептердегі сабақ үрдісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды қамтиды. Бұл әдістемелік тәсілдер оқушылардың тек тілдік емес, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық түрлерінің тиімділігі айтылады. Зерттеу мақаласында қазақ тілін оқытпайтын мектептердің 8–9 сынып оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдыларын инновациялық технологияларды қолдана отырып дамыту әдістемесін әзірлеу және педагогикалық тұрғыдан тиімділігін анықталды. Зерттеу жұмысының қорытындысында оқушылардың диалогтік сөйлеу дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы дамыту әдістемесінің тиімді екені анықталды.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 423, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP