Central AsianResearch Index

GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

GeoGebra – математикалық және физикалық ұғымдарды визуализациялауға мүмкіндік беретін, динамикалық модельдер мен интерактивті симуляциялар құруға арналған заманауи цифрлық білім беру платформасы. Осы мақалада аталған бағдарламалық құралды жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдеріне геометриялық оптика бөлімін оқытуда қолданудың тиімділігі жан-жақты зерттеледі. Осыған байланысты геометриялық оптикада жарықтың түзу сызықты таралуы, шағылу және сыну заңдары, сондай-ақ жазық және сфералық айналар мен жұқа линзалардағы кескіннің түзілуі сияқты күрделі ұғымдар қарастырылады. Аталған ұғымдарды меңгеру барысында білім алушылардың кеңістіктік ойлауында, логикалық пайымдауында және бейнелі елестетуінде белгілі бір қиындықтар туындайтыны анықталды. Осы қиындықтарды анықтау және еңсеру мақсатында зерттеу бір топты қамтитын квазиэксперименттік дизайн негізінде ұйымдастырылып, оқыту алдындағы (претест) және оқыту соңындағы (посттест) нәтижелер салыстырылды. Зерттеуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің физика білім беру бағдарламасының 2–4 курс студенттері қатысты. Оқу үдерісінде дәстүрлі оқыту әдістері GeoGebra бағдарламасы негізінде құрылған интерактивті модельдермен, динамикалық симуляциялармен және визуализация құралдарымен толықтырылды. Зерттеу нәтижелерін бағалау үшін жиналған деректер IBM SPSS Statistics бағдарламасының 29.0.2.0 (20) нұсқасы арқылы өңделіп, Уилкоксонның таңбалы рангтер критерийі арқылы статистикалық талдау жүргізілді. Нәтижелер GeoGebra бағдарламасын қолдану студенттердің геометриялық оптика бойынша оқу жетістіктерінің айтарлықтай артқанын және оң динамика қалыптасқанын көрсетті. Алынған нәтижелер негізінде зерттеудің ғылыми жаңалығы GeoGebra бағдарламасын жүйелі қолданудың тиімділігінің эмпирикалық тұрғыда дәлелденуімен сипатталады. Бұл нәтижелер жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін даярлау үдерісін жетілдіруде маңызды практикалық мәнге ие.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 423, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP