БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫ: PRIMSA 2020 НЕГІЗІНДЕГІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МОДЕЛІ
Бұл мақала генеративті жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі қолданылуы, пәндік ерекшеліктері, білім беру технологияларымен интеграциясы және пәнаралық қолданысын жүйелі түрде талдауға бағытталған. Зерттеу PRISMA 2020 халықаралық стандартына сәйкес жүргізілген жүйелі әдеби шолу және аймақтық салыстырмалы талдау дизайнын қамтиды. 2022-2025 жылдары жарияланған 722 ғылыми жазба іріктеліп, кезеңдік сүзу нәтижесінде 92 мақала сапалық талдауға енгізілді. Зерттеу отандық, Ресей, АҚШ, Еуропа және Азия елдеріндегі генеративті жасанды интеллекттің (ЖИ) қолдану тәжірибелерін мазмұндық, әдіснамалық және педагогикалық тұрғыдан салыстырылады. Халықаралық зерттеулер генеративті ЖИ құралдарын білім беруде қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру, дербестендірілгін оқытуды дамыту және автоматтандырылған кері байланыс механизмдерін жетілдіру әлеуетін көрсетеді. Сонымен қатар, генеративті ЖИ қолдану үдерісі алгоритмдік бейтараптықты қамтамасыз ету, академиялық адалдықты сақтау және білім алушылардың деректер қауіпсіздігін қорғау мәселелерінде қарастырады, бұл бағыттағы зерттеулер ЖИ жүйелерінің бағалау мен шешім қабылдау процестерінде ықтимал тәуекелдер бар екенін көрсетеді. Нәтижелер генеративті ЖИ интеграциясының аймақтық ерекшеліктерді анықтады: АҚШ пен Еуропада эмпирикалық тиімділік зерттеулері басым, Азия елдерінде адаптивті жүйелер мен автоматтандырылған бағалау жиі кездеседі, ал Ресей ғалымдарының зерттеулерінде нормативтік реттеу және педагогтардың дайындық деңгейі мәселелері өзекті. Қазақстан зерттеулерінеде интеграцияның бастапқы кезеңі және педагогикалық қолдау басты назарда. Зерттеу нәтижелері негізінде генеративті ЖИ білім беру жүйесіне енгізудің төрт компонентті тұжырымдамасы ұсынылады: педагогикалық интеграция, технологиялық инфрақұрылым, басқару және саясат, этика мен тәуекелдерді басқару. Бұл модель ЖИ тек технологиялық құрал ретінде емес, кешенді институционалдық трансформация ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оқыту тиімділігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, С. 218-236
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP