Central AsianResearch Index

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде STEM білім берудің күрделілігі мен жан-жақтылығы айтылып, зерттеліп, шешімін табатын мәселелер көтеріліп жатыр. Осы мәселеге байланысты білім беру стандарттары енгізіліп, оны жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары әзірленуде. Сондықтан, нарықтағы білім беру компаниялары көптеген білім беру бағдарламалары мен оқу ресурстарын ұсынуда. STEM білім беру контекстінде инженерлік білім берудің рөлі ерекше орын алады. Инженерлік жобалау STEM пәндерінің арасында байланыс орнатудың кілті болып табылады. Инженерлік білім беруді енгізу арқылы білім алушылар теорияны оқып қана қоймай, оны нақты жобаларда сынайтын болады. Бұл мектеп оқушыларының қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тиянақтайды. Осыған орай, зерттеу жұмысының мақсаты – инженерлік білім беруде шетелдік белді білім беру стандартын қарастырып, осы стандартты жүзеге асыруда ұсынылып отырған шетелдік онлайн-ресурсқа талдау жасау. Зерттеу жұмысында АҚШ-тың Next Generation Science Standards (NGSS) білім беру стандарты және STEM білім беруді жүзеге асыруда мектеп мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылған Teach Engineering онлайн-ресурсы қарастырылды. Нәтижесінде Next Generation Science Standards (NGSS) білім беру стандартының STEM контекстінде білім берудегі мақсаты, ерекшеліктері және әсері анықталды, Teach Engineering онлайн-ресурсының құрылуының алғышарттары, ресурстың мазмұны, жан-жақтылығы, ресурсты ұйымдастыруға бағытталған үлкен көлемді жұмыстардың ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар, мамандандырылған мектеп-лицей және орта мектеп оқушыларына «Инженерлік дағдың бар ма?» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесі талқыланады. Сауалнама нәтижесі еліміздегі мектеп оқушыларының инженерлік дағдыларының төмен деңгейде екенін көрсетті.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 420, № 2, С. 208-228
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP