ФИЗИКА МЕН ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТИІМДІЛІГІ
Бұл мақалада физика мен информатика пәндерін кіріктіріп оқыту арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді әдістері талданады. Сонымен қатар, оқыту барысында осы әдістерді қолданудың артықшылықтары талданып, олардың шешімдері ұсынылады. Заманауи білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану студенттердің білімін тереңдетіп, оларды практикалық тұрғыда пайдалануға мүмкіндік береді. Мақалада сұйық ішінде құлап бара жатқан шардың кедергісін есептеуге арналған Стокс формуласын пайдаланып, эксперимент жүзінде сұйықтың тұтқырлығын анықтап, осыдан шыққан нәтижені информатика құралдары арқылы зерттеу нәтижелері электронды кесте форматында (Google Sheets) ұсынылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-346X · 2518-1726
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP