БАЯУ КОКСТЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ҮШІН ТИІМДІ ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІН ТАҢДАУҒА ШЕШІМ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бұл зерттеу баяу кокстеу қондырғысы мысалында бастапқы ақпараттың тапшылығы және айқынсыздығымен сипатталатын күрделі химиялық-технологиялық жүйелердің жұмыс режимдерін тиімді басқару мәселелерін зерттеп, оларды интеллектуалдандырылған жүйелер көмегімкен тиімді шешуге арналған. Соңғы уақыттарды өндістік технологиялық жүйелер мен оларда жүретін процесстердің күрделенуіне, оларды дұрыс сипаттайтын ақпараттардың тапшылығы, ал қолжетімді ақпараттың айқынсыздығына байланысты мұндай нысандар жұмыссын тиімді басқаруаса өзекті ғылыми-практикалық мәселе болып табылады. Жұмыста зерттеу нысанының жұмыс режимдерін басқару бойынша шешім қабылдау есептерін ақпарат айқынсыздығы жағдайында тиімді шешу үшін интеллектуалдандырылған шешім қабылдауды қолдау жүйелерін әзірлеп, қолдану сұрақтары зерттелген. Зертеу нәтижесінде баяу кокстеу қондырғысы сияқты айқынсыздықпен сипатталатын күрделі технологиялық нысандардың тиімді жұмыс режимдерін таңдауға мүмкіндік беретін интеллектуалдандарылған шешім қабылдауды қолдау жүйесінің құрылымы жасақталып, ондай жүйелердің құрамындағы функционалдық блоктары мен олардың жүйелі жұмысын сипатталған. Құрылымы ұсынылған интеллектуалдандырылған жүйенің ұқсас жүйелерден артықшылығы: оның құрамына шешім қабылдаушы тұлға, эксперт-мамандар білімдері, тәжірибелері мен интуициясы негізінде құрылған модельдер пакеті мен басқару нысанының тиімді жұмыс режимін айқын емес ортада таңдау бойынша шешім қабылдау эвристикалық тәсілдері және интеллектуалдандырылған пайдаланушы интерфейсі ендірілген.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-346X · 2518-1726
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP