NEWS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, 2025, № 1
ФЕДЕРАТИВТІ ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАЙТЫН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН БЛОКЧЕЙН МОДЕЛІ
Аннотация · Abstract
Мақалада федеративті оқыту технологиясымен жетілдірілген ауыл шаруашылық өнімдерін бақылауға арналған интеграцияланған блокчейн моделін ұсынады. Жасанды интеллект және блокчейн ауыл шаруашылығындағы жеткізу тізбегінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Зерттеу тақырыбы бойынша әлемдік әдебиеттерді шолып, қазіргі жүйелердің шектеулерін анықталды, Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы талдау ұсынылды. Әдістеме бөлімінде блокчейн архитектурасын дамыту, деректердің құпиялылығын сақтау үшін федеративті оқыту моделін құру, сондай-ақ, осы жүйелерді интеграциялау мен тестілеу сияқты бірнеше кезеңдік тәсіл баяндалады. Нәтижелер ұсынылған модельдің деректердің тұтастығын, қауіпсіздігін және құпиялылығын арттыруға тиімді екенін көрсетеді. IoT сенсорлары мен орталықсыздандырылған өңдеуді пайдалану арқылы модель нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мақала экологиялық таза консенсус алгоритмдерін әзірлеу және блокчейн мен AI интеграциясын ауыл шаруашылығында тұрақтылықты арттырудың болашақ зерттеу бағыттары ретінде қарастырады. Бұл зерттеу ауыл шаруашылығы секторындағы мүдделі тараптарға цифрлық технологияларды тиімді пайдалану туралы құнды ақпарат ұсынады.
Сведения · Details
- DOI 10.32014/2025.2518-1726.331
- Журнал · Journal NEWS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0