Central AsianResearch Index

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ИНТЕРНЕТ-МАРКЕТИНГТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Мақалада интернет-маркетингті дамыту мүмкіндіктері және оны осы күнде ауыл шаруашылығында қолдану мақсаттары қарастырылады. Қазіргі уақытта келген саланың, оның ішінде ауыл шаруашылылықтың болашағын Интернетсіз көре алмаймыз; Барлық елдереде экономиканың өсуіне және бәсекелестіктің артуына байланысты агро-өнеркәсіп кешендерінің жоғары сапалы өнімдерін алу және алып-сату жұмыстарын жүргізу бойынша тез арада шешімдер қабылдау үшін ақпараттық технологиялар қажет. Бұл технологиялардың міндеттері ауыл шаруашылығындағы кәсіп орындардағы ақпараттарды өңдеу, логистикалық шығындарды есептеу, материалдық шығындарды азайту, өнімдердің сапалы әрі уақытылы жеткізілуін қадағалау болып табылады. Мұндай технологияларға цифрлық қосымшалар мен интернет-маркетингтер жатады. Ауыл шаруашылығындағы агроөнеркәсіпті дамыту үшін жасалатын бірінші бағыт – бұл цифрлық сауда. Экономиканы дамытудың нарығына шығудың тиімді жолын Интернет-маркетинг арқылы жүзеге асырамыз. Ауыл шаруашылық кешенінде интернет-маркетингті қолдану ол өндірушілерге бағаны нақтылауға және өнімдерді өндіру мен өткізуге және өнімдерден келетін шығындарды азайтуға көмектеседі. Интернет-маркетинг бүгінде коммуникация функцияларын орындайды және тауарларды сатып алу және төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін жасауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында интернет-маркетингті қолдану өндіруші мен тұтынушыға ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға көмектеседі, бұл экономикалық өсуге әкеледі. Ауыл шаруашылығында шешім қабылдау процестерін автоматтандыру үшін мульти-агенттік платформаны қолданып технологияны қолдану тиімділігі мен өнімділігін зерттедік және сонымен қатар ұсынылған шешімдердің тематикалық зерттеулердің бастапқы нәтежиелері көрсетілді. Мульти-агенттік платформа ауыл шаруашылығына интеллектуалды қызметтерді дамыту әдістерін ұсынып, мұнда агенттер қызмет көрсету, өңдеу және қолданбалы агенттер ретінде әрекет жасайды.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 1
Язык
Казахский
ISSN
1991-346X · 2518-1726
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP