ПОЛИЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ГАЛЛИЙ ИОНДАРЫМЕН СУ ОРТАСЫНДА ӘРЕКЕТТЕСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әртүрлі әлсіз және күшті қышқылды полиэлектролиттердің галлий иондарына қатысты сорбциясы зерттелді. Жұмыстың мақсаты галлий иондарына селективті катионалмастырғышты анықтау. Зерттеу нәтижелерінен әрекеттесу уақытының артуымен барлық сорбенттерде сорбция дәрежесі артатыны анықталды. Гель түріндегі ПАҚ гидрогелінің және күшті қышқылды микрокеуекті КУ-2-8 (Na+) катионалмастырғышының галлий (III) катиондарына қатысты айтарлықтай жоғары алмасу қабілеті бар екені белгілі болды. Сору дәрежесі әлсіз қышқылды, макрокеуекті Леватит CNP LF (H+) үшін 34.79%, ал гель түріндегі ПАҚг үшін 54.49% және гель түріндегі микрокеуекті КУ-2-8 (Na+) үшін 53,93%. Полимер тізбегінің галлий иондарымен байланысу дәрежесінің ең жоғары мәні 48 сағат әрекеттесуден кейін ПАҚ гидрогелінде 2.79% құрады. Тиімді динамикалық алмасу сыйымдылығы ПАҚг, Леватит CNP LF (H+) және КУ-2-8 (Na+) ионалмастырғыштарында жоғары екені анықталды. Қарастырылған ионалмастырғыштардың галлий иондарын сору дәрежесі мына қатар бойынша артады: ПАҚг > КУ-2-8 (Na+) > Amberlite IR120 > КУ-2-8 (Н+) > Леватит CNP (Н+). Зерттеу нәтижесі бойынша Ga (III) ионына тиімді сорбенттер ретінде ПАҚ гидрогелін және гель түріндегі микрокеуекті КУ-2-8 (Na+) катионалмастырғышын ұсынуға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 4, № 465
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP