ТӨРТ КОМПОНЕНТТІ CASO4-NACL-Н2О ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕРІГІШТІК ИЗОТЕРМАСЫН ТҰРҒЫЗУ
Зерттеудің мақсаты гипс байланыстырғышын және натрий хлориді фильтратын алу үшін табиғи натрий сульфатымен сода өндірісінің негізгі қалдығы дистиллерлі сұйықтық құрамындағы кальций хлоридінің өңдеу болып табылады. Ондағы ас тұзының қосымша мөлшерін ерітіп, қажетсіз қоспалардан тазартқаннан кейін фильтратты кальцийленген сода технологиясында қайта қолдануға болады. Тәжірибелерде қолданылатын натрий сульфаты-тенардит түрінде кристалданатын Жақсықылыш кен орнының табиғи тұзы. Кальцийленген сода өндірісінің дистиллерлі сұйықтық ерітіндісі Стерлитамак сода зауытынан алынған. Қоспалардың қатысуымен кальций хлориді мен натрий сульфатының өзара әрекеттесу реакциясының мүмкіндігін анықтау үшін HSC-51 кешенінің Reaction Eguations бағдарламасын, DНТ0 және SТ0 қосылыстары анықтамалық мәліметтерін қолдана отырып, Гиббс энергиясын (DGт0) есептеу жүргізілді. Термодинамикалық деректерді есептеу Гиббс энергиясының мәні теріс мәндерге ие екенін көрсетеді және кальций хлоридінің натрий сульфатымен әрекеттесу реакциясының NaCl, CaSO4.2H2O, MgSO4 және NaOH түзу мүмкіндігін көрсетеді. Кальций гидроксидінің натрий сульфатымен әрекеттесуі CaSO4.2H2O және NaOH мүмкін емес, өйткені DGт0 мәні оң мәнге ие. Дистиллерлі сұйықтықты қайта өңдеуді зерттеу 70-90ОС температура мен 15-60 мин уақыт аралығында және натрий сульфатының нормасы стехиометриялық мөлшерден 0,84; 0,92 және 1,00 жүргізілді. Дистиллерлі сұйықтықты өңдеу процесінің оңтайлы параметрлері, стехиометриядан 84¸100% аралығындағы табиғи натрий сульфатының шығыны, процестің температурасы мен ұзақтығы анықталды. Кальций хлоридінің конверсия дәрежесі 70-90ОС кезінде 96,89¸97,02% құрайтыны анықталды. Құрамында кальций хлориді натрий сульфатымен бар дистиллерлі сұйықтықты өңдеу натрий хлориді мен кальций сульфатын алуға мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 4, № 465
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP