RHEUM TATARICUM L. f. ӨСІМДІГІНІҢ ХЛОРОФОРМ СЫҒЫНДЫСЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ГАЗ ХРОМАТОГРАФИЯ ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ
Rheum tataricum L. f. (Polygonaceae Juss. тұқымдасы) өсімдігінің (жер үсті және жер асты бөліктері) химиялық құрамы алғаш рет газ хроматография әдісімен зерттелді. Талдау Agilent 7890A газдық хроматографы және Agilent 5975C масс-селективті детектордың көмегімен жүргізілді. Алынған мәліметтер GS-MSD DataAnalysis бағдарламалық жасақтамасы арқылы өңделіп, NIST08 электронды мәліметтер базасы негізінде сәйкестендірілді. Зерттелген өсімдік Rheum tataricum L. f. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында, өсімдіктің көктеу және бүршіктену кезеңдерінде жиналды. Зерттеу нәтижесінде барлығы алпыс төрт компонент анықталды, олардың он екісі жер үсті бөлігінде, ал бесеуі жер асты бөлігінде табылған. Өсімдіктің жер үсті бөлігінде ең көп мөлшерде жай эфирлер (23.50%), алкандар (15.98%) және май қышқылдары (5.38%) табылды. Ал жер асты бөлігінде фенолдық қосылыстар басым болып, олардың үлесі 92.64%-ды құрады. Табиғи компоненттердің жалпы құрамы жер үсті бөлігінде 51.50%, ал жер асты бөлігінде 99.99% электрондық NIST 08 кітапханамен идентификацияланды. Rheum tataricum L. f. өсімдігінің жер үсті бөлігінде басым анықталған қосылыстар (додекоксиметил)оксиран (1) – 23.50%, гептадекан (9) – 10.17%, тетрадекан (5) – 4.52% және гексадекан қышқылы (2) – 3.91%. Жер асты бөлігінде басым қосылыстар: рододендрол (15) – 74.63%, таңқурай кетоны (14) – 16.58% және 4,4-гидрокси-3,5-диметоксибензогидразид (16) – 5.62%. Зерттеу нәтижесінде Rheum L. туысы үшін бұрын сипатталмаған алты белгілі қосылыс 1, 6, 8 және 15-17 алғаш рет анықталды. Сонымен қатар, Rheum tataricum L. f. түрінен бұдан бұрын идентификацияланбаған қосымша 7 және 12-14 қосылыстары табылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 3, № 464
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP