Central AsianResearch Index

Fe₀.₈₄Mn₁.₁₂O₃-In₀.₁₂Fe₁.₈₈O₃ КОМПОЗИТІНІҢ СИНТЕЗІ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Мақалада Fe₀.₈₄Mn₁.₁₂O₃ және In₀.₁₂Fe₁.₈₈O₃ негізінде алынған композициялық материалдың синтезі және оның морфологиялық ерекшеліктері зерттелді. Мұндай астехиометриялық перовскиттерді синтездеуге арқау болған классикалық 3D перовскиттермен салыстырғанда көпфункциялы қасиеттері мен құрылысының өзгеруі. Синтездеу үшін золь-гель әдісіне негізделген Печини әдісі қолданылды. Фазалық құрамы мен кристаллографиялық мәндері РФТ (рентген фазалы талдау) әдісі арқылы анықталды. Ал, беттік микроөлшемі мен элементтік таралу картасы СЭМ (сканерлеуші электронды микроскоп) талданды. РФТ нәтижелерінен алынған ең жоғарғы интенсивті шыңдардағы сандық мәліметтерге негізделе отырып Шеррер теңдеуі арқылы композиттің орташа микроөлшемдері анықталды. СЭМ нәтижері бойынша 10 μm микросуреттегі беттік орташа өлшемі 0,547 μm екендігі анықталды. FTIR спектроскопиясы арқылы Fe-O және Mn-O байланыстарының тербеліс модалары зерттеліп, 666 см⁻¹ аймағындағы негізгі шың металл-оттегі байланыстарына сәйкес келетіні анықталды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 3, № 464
Язык
Казахский
ISSN
2224-5286 · 2518-1491
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP