ЖАСАНДЫ ПОЛИМЕРГЕ БАЛАМА РЕТІНДЕ КРАХМАЛДАН БИОПОЛИМЕР АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БИОЫДЫРАУ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Ғылыми зерттеу крахмал негізіндегі биопластиктердің өндірісі мен физикалық-химиялық қасиеттерін кешенді түрде зерделеуге бағытталған. Жұмыста биопластиктердің негізгі түрлері, оларды өндіру технологиялары және қоршаған ортаға тигізетін әсері сипатталады. Сонымен қатар, крахмалдан алынған полимерлік материалдардың артықшылықтары мен шектеулері, сондай-ақ картоп крахмалының биополимер өндірісіндегі қолдану ерекшеліктері талданады. Зерттеу құрылымының екінші бөлімінде биопластик синтезіне әсер ететін негізгі факторлар, атап айтқанда, крахмалдың молекулалық құрылымы, пластификаторлардың физикалық қасиеттерге ықпалы және материалдың механикалық беріктігін арттыру тәсілдері қарастырылады. Тәжірибелік бөлімде картоп крахмалынан биопластик алу әдістемесі ұсынылып, алынған үлгілердің ылғал сіңіргіштік, суға төзімділік сияқты сипаттамалары зерттеледі. Алынған нәтижелер крахмал негізіндегі биополимерлердің экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи жағдайда ыдырауға бейімділігін дәлелдейді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 3, № 464, С. 41-63
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP