ARCTIUM LAPPA ТАМЫРЫ МЕН ЖАПЫРАҚТАРЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
Arctium lappa құрамында әртүрлі биологиялық белсенді қосылыстар (ББЗ) бар, алайда тамырлары мен жапырақтарындағы осы қосылыстардың құрамын салыстырмалы талдау жеткіліксіз зерттелген, бұл оларды ұтымды пайдалануды қиындатады. Бұл зерттеудің мақсаты Arctium lappa өсімдігінің тамыры мен жапырақтарының химиялық құрамындағы айырмашылықтарды анықтау болып табылады.. Фитохимиялық талдау нәтижелері нәтижелер Arctium lappa тамыры мен жапырақтарындағы ББЗ-дың құрамындағы айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетті. Тамырлар сапониндер (4,71%), алкалоидтар (1,92%) мен көмірсулардың (1,36%) көп мөлшерімен сипатталады, ал жапырақтары тері илегіш заттар (16,34%) мен флавоноидтарға (2,02%) бай. Бұл айырмашылықтар өсімдік бөліктерінің әртүрлі фармакологиялық белсенділігін анықтай алады және оларды қолдануға сараланған тәсілдің қажеттілігін көрсетеді. Атомдық-абсорбциялық спектрометрияның көмегімен өсімдіктің екі бөлігінде де калий, натрий, магний және темір басым екені анықталды. ГХ-МС өсімдіктің екі бөлігінде де фармакологиялық маңызды биоактивті заттардың бар екенін растады. Arctium lappa жапырақтың этилацетатты сығындысында 1,3-Dioxolane-2,2-diethanol (39,07%), 9,12,15-Octadecatrienoic acid (Z,Z,Z)- (8,81%), Phytol (4,99%), Sucrose (2,69%), 3,7,11,15-Tetramethyl-2-hexadecen-1-ol (2,12%) және cis-13-Eicosenoic acid (2,09%) үлестері басым болды, ал тамырының гександы сығындысының құрамында 31 қосылыс анықтылып және олардың ішінде, ең жоғары пайыздық мөлшерге Nonacosane (15,78%), Heptacosane (15,78%), Hexacosane (12,55%) және Pentacosane (11,61%), Squalene (6,02%), Bis(2-ethylhexyl) phthalate (6,86%) ие болды. Алынған деректер фитопрепараттарды, косметикалық құралдарды әзірлеу кезінде, сондай-ақ дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері Arctium lappa жеке компоненттерінің фармакологиялық белсенділігін әрі қарай зерттеуге, сондай-ақ ББЗ-ды оқшаулау және тазарту әдістерін оңтайландыруға пайдалы болуы мүмкін.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP