ХИНИН АЛКАЛОИДЫНЫҢ ЖАҢА ТУЫНДЫЛАРЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Хинолин және хиназолин алкалоидтары, азот негізіндегі гетероциклді ароматты қосылыстардың екі маңызды класы. Соңғы 200 жыл ішінде кең ауқымды биологиялық белсенділіктері мен әртүрлі қолданылуына байланысты бүкіл әлем бойынша зерттеушілердің үлкен назарын аударды. Бұл жұмыс хинин алкалоидының туындыларын синтездеудің тиімді әдістерін әзірлеуге, жаңа медициналық препараттар жасауға және олардың қабынуға қарсы белсенділігін зерттеуге арналды. Нәтижесінде, ИҚ, УК және ¹H ЯМР - спектроскопия әдістерімен құрылымдары расталған хининнің жаңа туындылары синтезделініп алынды. Алынған қосылыстардың ішінде қабынуға қарсы белсенділік танытқан (2), (3), (4) және (5) қосылыстары зерттелді. 2-((S)-(4-(4-фторфенил)-1Н-1,2,3-триазол-1-ил)(7-метоксинафтален-1-ил)метил)-5-винилхинуклидин; (1R,2S,4R,5R) -2-((R) -(4-(4-метоксифенил)-1Н -1,2,3-триазол -1-ил) (6-метоксихинолин -4-ил) метил) -5-винилхинуклидин; 2-((R)-(6-метоксихинолин -4-ил) (4-фенил -1Н -1,2,3-триазол -1-ил) метил) -5-винилхинуклидин және (1R,2S,4R,5R) -2-((R) -(6-метоксихинолин -4-ил) (4-(пиридин -2- ил) - 1Н -1,2,3 – триазол -1-ил) метил) -5-винилхинуклидин алкалоид туындылары сәйкесінше 25.6%, 35.5%, 7.8% және 47% шығыммен алынды. Және зерттеу нәтижесінде 2-((R)- (6-метоксихинолин -4-ил) (4-фенил- 1Н- 1,2,3- триазол-1-ил) метил) -5- винилхинуклидин, 2-((S)-(4-(4-фторфенил) -1Н -1,2,3-триазол -1-ил) (7-метоксинафтален-1-ил)метил)-5-винилхинуклидин; (1R,2S,4R, 5R) -2-((R)- (4- (4-метоксифенил)-1Н-1,2,3-триазол-1-ил)(6-метоксихинолин-4-ил)метил )-5-винилхинуклидин және (1R,2S,4R,5R)-2-((R)-(4-(4-метоксифенил) -1Н -1,2,3- триазол -1-ил) (6-метоксихинолин -4-ил) метил ) -5- винилхинуклидин туындыларының бақылау препаратымен салыстырғанда егеуқұйрықтардың құрсақ қуысындағы қабыну экссудат мөлшерінің сәйкесінше 36,9%, 30,7% және 27,7% азайтып, қабынуға қарсы белсенділік көрсететіні анықталды. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, синтезделген хинин алкалоидының туындылары қабынуға қарсы белсенділікке ие екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері қабыну аурулардың алдын алу және емдеу үшін жаңа дәрілік препараттарды әзірлеуде маңызды болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP