ПОЛИМЕРЛЕР НЕГІЗІНДЕГІ БАТАРЕЯЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМБРАНА СЕПАРАТОР ҚАСИЕТТЕРІ
Бұл мақалада заманауи электронды техникада, гаджет және электромобильдерде қолданылатын батареялар үшін мембрана-сеператорлар (немесе қатты полимерлі электролиттер) жасаудың жолдары келтірілген. Электролиттің бұл түрі басқалардан қауіпсіздік, жарылғыш емес, жанғыш емес, улы емес және экологиялық таза, сонымен бірге сыртқы әсерге зақымданған кезде өз энергиясын қайта қалпына келтіре алатын қабілеттермен ерекшеленеді. Жұмыста тиімділігі жоғары болатын заманауи аккумуляторларға арналған мембрана қасиеттері зерттелінген. Атап айтқанда, әр түрлі қатынаста құрамы ПВДФ-ПЭО-ТiO2 негізінде мембрана-сеператорлар (қатты полимерлі электролит) алынған. Аталған полимерлі композиттің тиімді құрамы, электрохимиялық қасиеттері зерттелінген. Алынған мембрана-сеператордың ең тиімді құрамы (3:1) ПВДФ-ПЭО-ТiO2 болып табылады. Толтырғыштың концентрациясының қабықша өткізгіштігіне әсері зерттелініп, оның ең жоғары көрсеткіші ТiO2 0,025% мөлшерінде 400С температурада σ = 9,59*10-3 См/см. Алынған нәтижелер титан оксидінің мөлшерінің артуымен өткізгіштіктің шамалы төмендеуін көруге болады, ол титан оксидінің артық мөлшерінің мембрана бетіне тұнып, ионның тасымалдауын блоктауынан болуы мүмкін. Сонымен қатар, температураның иондық өткізгіштікке тәуелділігі Аррениус ережесіне сәйкес келетінін байқауға болады, яғни температура артуы иондардың қозғалысының артуына алып келеді. Алынған композитті полимерлі сеператордың сканерлеуші электронды микроскоп зерттеулері және ИҚ-спектроскопия әдісімен талдау нәтижелері келтірілген. Алынған нәтижелер бойынша түрлендіргіштің мембраналы сепараторлардың қасиеттеріне әсер етуінің физика-химиялық аспектілерін мұқият зерттеу іргелі білімді одан әрі жинақтау және полимер матрицасы мен толтырғыш арасындағы өзара әрекеттесу заңдылықтарын шығару үшін маңызды болады. Бұл пайдаланушыға қажетті сипаттамалары бар мембраналық сепаратордың құрамдас бөліктерін таңдауды жеңілдетеді
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP