МЫРЫШ ФОСФАТТЫ ЦЕМЕНТТІҢ ФРИТТ ТҮЗІЛУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖҮРЕТІН РЕАКЦИЯЛАРДЫ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Ғылыми мақалада мырыш фосфатты цементтің фритт түзілу процесінде жүретін реакциялардың термодинамикалық есептеу нәтижелері көрсетілген. Термодинамикалық есептеу «HSC Chemistry 6» бағдарламалық кешенін қолдана отырып орындалды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мырыш фосфатты цемент фриттінің минерал түзілуін күшейтуге ықпал ететіні анықталды. Атап айтқанда, Гиббс энергиясының мәндері сәйкесінше ∆G -8,321 және -109,3 ккал аралығы 1000 - 1100 °С-қа дейінгі температура диапазонында фритт минералдарының пайда болуы мүмкін екендігі анықталды. Фосфор шлагын 1,5 % ендіргенде шихта құрамына CaO, SiO2, Al2O3, MgO, F, CaF2 қоспалары әсер етіп, термодинамикалық тиімді реакциялардың жүруіне қатысты. Гиббс энергиясына байланысты 1000-1100 °C температурада (I) және (ІI) реакция тобында фриттің негізгі минералдарының түзілуі ZnO – 60 %, MgO – 8 %, Zn2SiO4 – 18 %, Mg2SiO4 – 6 %, ZnAl2O4 – 2,0 %, СаF2 – 0,5 %, Ca3SiO5 – 2 % және Bi-Si-Ca (шыны фаза) – 3,5 % көрсетілді. Нәтижесінде мырыш фосфатты цемент фриттін алу үшін ∆G теріс мәндері ZnO, MgO, Zn2SiO4, Mg2SiO4, ZnAl2O4, СаF2, Ca3SiO5 минералдарының фазалары түзілу реакцияларының жоғары термодинамикалық ықтималды екендігі дәлелденді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 2, С. 11-22
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP