Central AsianResearch Index

ҚАНЫҚҚАН КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ОЛЕФИНДЕРГЕ ДЕЙІН ТОТЫҚТЫРА ДЕГИДРЛЕУ ҮШІН ТАБИҒИ САЗБАЛШЫҚ НЕГІЗІНДЕ КАТАЛИЗАТОРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Мұнайхимиясының базалық процестері пиролиз, крекинг және дегидрлену болып табылады. Бірақ, көп жағдайда жеңіл шикізаттарды, атап айтқанда, табиғи және мүнайға серік газдарды қолдану кезінде күшті эндотермиялық реакциялардың негізінде технологиялық процестердің энергия қарқындылығы өте жоғары болып келеді. Осы аталған мәселелер көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырып отыр. Көмірсутекті шикізаттардың жартылай тотығуы сәйкес технологиялық процестерді жүргізу барысында энергиямен қамтамасыз етуде тиімді әдістердің қатарына жатады. Базалық химиялық өнімдерге дейін жеңіл алкандардың тотыға айналуы технологиялық тұрғыдан дамуда басымдылығы жоғары және заманауи мұнайхимиясының радикалды түрде осы салада прогрессивті дамуына әсер етеді. Шикізатқа аз мөлшердегі оттегіні қосу арқылы пиролиз процесінің өнімділігін арттыруға болады. Көмірсутектердің жартылай тотығуы нәтижесінде реакция аймағында тікелей жылу шығару, өте белсенді ОН- радикалдарының пайда болуымен бірге жүреді, жүйенің реакциялық белсенділігін күрт арттырады. Тотыға дегидрлену көптеген мәселелерді шешуге, соның ішінде күйенің түзілуіне байланысты мәселелерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Тотыға дегидрлену процесін зерттеудің басымдылығы пропиленге сұраныстың тез ұлғаюына тікелей байланысты, оның шығымы көмірсутекті шикізаттың каталитикалық крекинг және пиролизде аса жоғары емес. Олефиндерге (алкендерге) өсіп келе жатқан сұраныс зерттеушілерді қолданыстағы технологияларды жақсарту және жаңа, тиімді катализаторлар жасау жолдарын анықтауға әкеліп отыр. С2-С4 олефиндерді алудың дәстүрлі әдісі (өндірістің жалпы көлемінің 95%-дан астамы) пиролиз (С2-С4 қаныққан көмірсутектердің фракциялары, нафта) және көмірсутек шикізатының (мұнай өнімдері) каталитикалық крекингі болып табылады. Олефиндерді алудың екінші кең тараған әдісі - ілеспе мұнай газы, табиғи газ және тақтатас газы шикізат ретінде әрекет ететін алкандарды каталитикалық дегидрлеу (ДГ) болып табылады. Соңғы 20 жылда С1-С4 қаныққан көмірсутектерді олефиндерге тотыға дегидрленуге байланысты ғылыми жарияланымдарды талдау барысында Қазақстанда осы бағытта зерттеулер әлсіз жүргізіліп жатқанын көрсетті. Синтезделген катализатор олефиндер алуда үлкен қолданбалы қызығушылық көрсетеді. Парафинді көмірсутектердің дегидрлену процестерінде қосалқы процесс маңызды орын алады. Қаныққан көмірсутектердің дегидрлену процесі табиғи тасымалдағышқа қондырылған монокөпкомпонентті каталитикалық жүйеде жүргізілді. Катализатордың тасымалдағышы ретінде табиғи сазбалшықты тиімді пайдаланудың әдісі зерттелді.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 1
Язык
Казахский
ISSN
2224-5286 · 2518-1491
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP