ГУМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫН ТҰНДЫРУ ҮРДІСІН ИҚСПЕКТРОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Бұл мақалада гумин қышқылдарын тұндыру үрдісінде қолданылған әртүрлі қышқылдардың (тұз, күкірт, аскорбин, лимон және құмырсқа қышқылдары) әсері зерттелді. ИҚ-спектроскопия әдісі арқылы гумин қышқылдарының құрылымындағы өзгерістерге талдау жүргізілді. Алынған деректер әрбір қышқылдың гумин қышқылдарының функционалдық топтарына (гидроксил, карбонил, карбоксил және ароматты құрылымдар) ерекше әсер ететінін көрсетті. Тұз қышқылы құрылымға минималды әсер етіп, жұмсақ тұндыруды қамтамасыз етеді, ал күкірт қышқылы сульфат байланыстарын түзе отырып және ароматты құрылымдарды ішінара тотықтыра отырып, елеулі өзгерістер тудырады. Аскорбин және лимон қышқылдары гумин қышқылдарының табиғи қасиеттерін аздаған модификациямен сақтайды, ал құмырсқа қышқылы молекулалардың күшті агрегаттануына және тығыз тұнбалардың түзілуіне әкеледі. Зерттеу гумин қышқылдарының әртүрлі қышқылдармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтауға және осы процестердің олардың химиялық қасиеттеріне әсерін бағалауға мүмкіндік береді, бұл гуминді заттарды бөліп алу және оларды экологияда, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте қолдану әдістерін оңтайландыруға маңызды негіз бола алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP